«Қазақ келіні, әйелі болу өте қадірсіз»: Белгілі журналист қазақ әйелдеріне қатысты бар шындықты мәлім етті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақ келіні, әйелі болу өте қадірсіз»: Белгілі журналист қазақ әйелдеріне қатысты бар шындықты мәлім етті

«Қазақ келіні, әйелі болу өте қадірсіз»: Белгілі журналист қазақ әйелдеріне қатысты бар шындықты мәлім етті

Танымал журналист, қоғам белсендісі Гүлмира Әбіқай қазақтың қыз-келіншектеріне қатысты бар шындықты жайып салды.

  • 25 Қыркүйек 2023
  • 131
Фото - Caravan.kz

Айтуынша, бүгінде қоғамда ер адамдар майдаланып, керісінше қазақтың қыздары алдыңғы орынға шыққан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Гүлмира Әбіқайдың бұлай деуіне оқырман хаты себеп болған.

«Қайырлы кеш Гүлмира ханым.Амансыз ба? Осы сіз бала-шағасын қалдырып бетімен кеткен әйелдер туралы жазғанда қалайша?-деп таң қалушы едім. Бірақ кейде өзіме де сондай ой келеді қазір. Ақыл-есім орнында, мұғаліммін, көп балалы Анамын. Бірақ білесіз бе, қазақ әйелдеріне сондай қиын болып бара жатқанын.
Ер адамдар майдаланып, жұмыс жасағысы келмейді, қиналып дүние тапқысы келмейді.
Жоқ, жоқ деп отыра беретін, әйелдеріне кредит алғызып, сөзбен жаның ашысын да деп манипулировать ететін, оны төлемейтін, счёттарды арестке қойып, беймарал жүре беретін халге жетті.
 

Тағы бір 10 жылда Қазақстан жері картадан жоқ болып кетпесе болды. Одан қалса, ата-енеге қарауға міндеттісің, барлығына міндеттісің. Бірақ не үшін? Мен тек бір Аллаға және бала-шағама міндеттімін деп санаймын өзімді. Қазақ келіні болу, әйелі болу өте қадірсіз, рақыметі жоқ орын! Шыда, шыда, шыда! Сөйт те өмірден өтіп кет, ол кезде жақсы еді деп еске алудың не керегі бар?!



Мен таяқ жемесем де, психологиялық зорлық зомбылық құрбанына айналып бара жатырмын. Бұл қоғам дерті, жұмыссыздық, жауапсыздық, намыссыздық елді көпке апармайды. Жан- жақты жұмыс істеймін, 10 жыл болды қара шаңырақтың өзіме тиісті емес қызметтердің міндеткерімін, бала шағам өзімен өзі өсіп келеді. Жолдасымда алға қарай ұмтылу жоқ, мақсат жоқ. Мен үйге құр қол келуге намыстанамын, барлық курсты оқып аламын, ақша да табамын, үлкендердің батасы деп ауыздарынан жылы жұмсағын , той-томалақ, гәбінен қалдырмаймын. Бірақ рақметі жоқ жұмыс. Мен неге мен келгенше қалыптасып қойған отбасының қүтқарушысына, асыраушысына айналуым керек,айтыңызшы?», — деп жазған.

Өкініштісі, аталған хат иесін көптеген қазақ әйелдері қолдаған. Олар: «Бәрімізде сол, отбасымен бір менің айлығыма қарап отырады, өз пенсияларын бермейді ата-енем», «Өзімді көргендей болдым мына хаттан», «Ащы да болса шындық, сосын өзі де ажырасып тынады, не керегі бар мұндай арамтамақ отбасыны асырап» деп жазды олар.