Қазақ хоккейшісі Ресей суперлигасындағы «Старттың» үздік ойыншысы - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ хоккейшісі Ресей суперлигасындағы «Старттың» үздік ойыншысы

Қазақ хоккейшісі Ресей суперлигасындағы «Старттың» үздік ойыншысы

2011-2012 жылғы маусымның қорытындысы бойынша Орал допты хоккейінің түлегі Рауан Исалиев Ресей чемпионатының суперлигасында өнер көрсететін Нижний Новгородтың «Старт» командасының үздік ойыншысы атанды.

  • 20 Наурыз 2012
  • 401
Фото - Caravan.kz

Аталмыш допты хоккей клубының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, журналистер арасында өткізілген сауалнама нәтижесінде команданың үздік шабуылшысы Р.Исалиев айқын басымдылықпен жеңіске жеткен. Сауалнамаға қатысқан 55 адамның 45-і оны үздік үштіктің қатарында атаған. Қорытындысында Рауан 109 ұпай жинады (екінші орындағы қақпашы Александр Евтинде — 84 ұпай). Р.Исалиев команда жанкүйерлері арасындағы дауыс беру қорытындысында да озық шықты.

Бұдан бұрынғы маусымдарда Орал хоккейінің тағы бір түлегі Леонид Бедарев үш жыл қатарынан «Старт» командасының үздік ойыншысы атанған болатын. Рауан биылғы біріншілікте 27 гол соғып, 8 рет дәл пас берді, сөйтіп 35 ұпай жинады. Сондай-ақ Ресей кубогі үшін бәсекеде 8 ұпай (7 гол, бір пас) иеленді.

Жалпы, Рауан Исалиев үшін биылғы жыл сәтті болды. Оның Қазақстан ұлттық құрамасын Алматыда өткен әлем чемпионатында капитан ретінде айдынға бастап шығып, қола жүлдегер атанғаны белгілі.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера