Қазақ кино өнері ерекше жаңа туындымен толықты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ кино өнері ерекше жаңа туындымен толықты

Қазақ кино өнері ерекше жаңа туындымен толықты

 "Бұл фильм ең алдымен ата-бабадан қалған үлгіні ұмытпай, соңғыларды жалғайтын көпір ретіндегі міндетті атқарған", - деді белгілі ақын, этнограф Қажытай Ілиясов бүгін Алматыда Қытайда түсірілген "Ақсарбас" деп аталатын көркем фильмнің таныстырылымы кезінде.

  • 27 Қаңтар 2011
  • 730
Фото - Caravan.kz


"Фильм маған ұнады. Бұл ең алдымен Қытайдағы қазақтардың тіршілігін көрсетеді. Сценарист қыз ата-бабадан қалған үлгіні ұмытпай, соңғылармен жалғайтын көпір ретіндегі өз міндетін атқарған. Екінші, онда сол заманның киім үлгілері мен салт-дәстүрі көрініс тапқан. Қазір бізде түсірілетін кинолардың көбінде реквизит жұтап тұрады. Шабандоздар атқа өмілдірік, құйысқансыз жайдақ мінеді", -дейді Қажытай Ілиясұлы.

Этнографтың айтуынша, қазақ ақсарбас қозы туғанда бата-тілек жасап тілек тілеген. Бұл фильм өз тақырыбын толық ашып тұр. Онда қазақтың тұрмыс- салты мен әдет -ғұрыптары біршама көрініс тапқан. Ол алдағы уақытта халқымыздың салт-дәстүрін жан-жақты ашып көрсетуге өзінің оң ықпалын тигізеді.

Перейти к новостям спорта