«Біз «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында қазақ күресін кеңінен насихаттауды жоспарлап отырмыз. Осы мақсатта Әлем чемпионаты және «Қазақстан барысы» турнирі ұйымдастырылады», — деп атап көрсетті Т.Есентаев. Сондай-ақ қазақ күресін материалдық емес мәдени мұра ретінде ЮНЕСКО бағдарламасына енгізу көзделіп отыр. Себебі спорттың бұл түрі қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрлерін көрсетеді.