Бұл туралы конфедерацияның баспасөз қызметінен хабарлады.
Ағымдағы жылдың мамыр айында қазақ күресі федерациясының есептік конференциясында конфедерация құрамына кіру шешімі қабылданған, ол шешімді кейіннен жалпы жиналыста конфедерация мүшелері бірауыздан қолдаған. Осылайша, қазақ күресі федерациясы ұйымның алтыншы мүшесі болды.
Еске сала кетейік, ҚР спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерециясы 2012 жылы құрылған. Оның төрағасы — Тимур Құлыбаев. Қазіргі уақытта оның құрамына бокс, грек-рим, еркін және әйелдер күресі, дзюдо, таеквандо (WTF) және ауыр атлетика федерациялары кіреді.