Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы massaget.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Соңғы уақытта ата-аналар тарапынан қазақ күресіне деген қызығушылық артып келеді. Осыған байланысты федерация жаңа оқу жылынан бастап қазақ күресін мектептерде пән ретінде енгізуді жоспарлап отырған көрінеді. Алдымен Нұр-Сұлтан қаласы мен Маңғыстау облысында пилоттық жоба ретінде іске асырылады. Бағдарламасы әзірленіп, мамандар даярлау барысы қолға алынған.
Жылдың соңына дейін Қазақ күресі академиясы жұмысына толық кірісіп, қазақ күресін 1-4 сыныптарға акробатика ретінде, ал 5-11 сынып оқушылары арасында арнайы пән ретінде дайындайды.
Бұған дейін тұңғыш "Қазақстан Барысы", жарыстың күміс және қола жүлдегері, қазір Халықаралық Qazaq kuresi федерациясының бас хатшы кеңесшісі қызметін атқарып отырған Ұлан Рысқұл қазақ күресі спорт мектеп бағдарламасына енгізу туралы бастаманы көтерген болатын.