Қазақ күресінің палуандары 22 млн теңгені 20-шы тамызда сарапқа салады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ күресінің палуандары  22 млн теңгені 20-шы тамызда сарапқа салады

Қазақ күресінің палуандары 22 млн теңгені 20-шы тамызда сарапқа салады

Ұлттық спорт түрі «Қазақ күресінің» бағы жанғалы тұр. Төл спортымыздың қамқоршылары бұған дейін болмаған қомақты жүлдені тігіп, нағыз қазақ балуанын анықтамақ. Осы мақсатта елдің барлық аймағында іріктеу сайыстары өтіп, ең мықтылары анықталды. Ендігісі 20-шы тамыз күні Астана қаласында боз кілемде белдесіп бас жүлдеге тігілген 22 млн теңге иесін анықтау. Дәл сол күні көпшілік көрермен тек қана қазақ күресін ғана емес, ұлттық цирктің өнерін және театрландырылған көріністердің де куәсі болады. Осылайша Қазақ күресінің халықаралық деңгейге шығуына алғашқы қадам жасалғалы отыр.   

  • 27 Шiлде 2011
  • 506
Фото - Caravan.kz

Ұйымдастырушыларға нағыз «Қазақ күресін» өткізу оңайға түскен жоқ. Өйткені ұлан-байтақ елдің әр аймағынан нағыз балуандарды іріктеп алу керек болатын. Ақырында іріктей келе әр облыстан және Астана мен Алматы қалаларынан жауырыны жерге тимейтін 4 балуаннан – барлығы 64 балуан боз кілемде айқасатын болды. Еркін күрес болғандықтан мұнда  74 келі салмақтан жоғарылардың барлығы бір-бірімен белдесе береді. Ең мықтыларына берілетін жүлделер көлемі мынадай.  

Арман Шораев, «КТК» телеарнасының Бас директоры:

-Бірінші орын 150 мың доллар алады оның жаттықтырушысы 50 мың доллар алады. 2-ші орын 30 мың доллар жаттықтырушысы 10 мың доллар, 3-ші орын 10 мың доллар жаттықтырушысы 5 мың доллар. Біз әдейілеп бірінші орынға деген жүлдені жоғары қойдық.

Жүлденің жалпы көлемі 265 мың долларды құрайды. Мұндай жүлде бұрын-соңды кез-келген спорт түрі бойынша болған емес. Бірақ дәл қазақ күресіне осылайша мойын бұрудың өзіндік себебі бар. Бұл біріншіден осы заманның қазақ батырларын анықтап беруге көмектессе екіншіден қазақ жастарының рухын көтерері сөзсіз.


Арман Шораев, «КТК» телеарнасының Бас директоры:

-Саяси идеологиялық астары терең, бұны біз ауылдағы балдар үшін істеп жатырмыз. «Әлеуметтік лифт» деп баға беруге болады. Бұндай сайысты көріп біраз бала ұмтылады. Ал күресу үшін қымбат жабдық керегі жоқ, ауылда шөптің үстінде де күресе береді. Бұл гольф, теннис емес.

Жүлделермен қатар алтын күміс қоладан тайтұяқ құйдырып жатыр. Одан бөлек алматылық зергерлер алтын күміс қола белбеулерді әзірлеу үстінде. Осындай айтулы шараны өткізуге «КТК» телеарнасы, Қызылорда облысының әкімшілігі және Спорт министрлігі  мұрындық болып отыр. Тәуелсіздік 20 жылдығына орай өткізілетін бұл сайыс алдағы уақытта жыл сайын өтіп тұратын дәстүрге айналмақ.

Соңғы жаңалықтар