Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры гастрольдік сапармен Астанаға келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры гастрольдік сапармен Астанаға келеді

Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры гастрольдік сапармен Астанаға келеді

22-30 мамыр аралығында Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының еліміздің бас қаласы- Астанада гастрольдік сапарлары өтеді.

  • 18 Мамыр 2011
  • 528
Фото - Caravan.kz

Аталмыш шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған.

9 күн ішінде Астана тұрғындары мен қонақтардың назарына 4 опера және 4 балет спектакльдері ұсынылады. Олар — А.Жұбанов пен Л.Хамидидің — «Абай», Дж.Вердидің — «Травиата», Р.Вагнердің — «Тангейзер», Г.Доницеттидің «Любовный напиток» опералары және А. Серкебаевтың — «Тілеп пен Сарықыз», А.Хачатурянның — «Спартак», С.Прокофьевтың «Ромео мен Джульетта» балеттері.

Гастрольдің соңында театр репертуарындағы опера және балеттердің ең үздік сахналарынан құрылған гала-концерт өтеді.

Перейти к новостям спорта