Қазақ мемлекеттік филармониясы Мумбайда өтетін опера фестиваліне қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ мемлекеттік филармониясы Мумбайда өтетін опера фестиваліне қатысады

Қазақ мемлекеттік филармониясы Мумбайда өтетін опера фестиваліне қатысады

Индияның Орындау өнері ұлттық орталығының шақыруымен 10-25 ақпан аралағында Мумбай қаласында өтетін Халықаралық опера өнері фестиваліне Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясының Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы қатысады, деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.

  • 8 Ақпан 2012
  • 384
Фото - Caravan.kz

Концерттер Джамшед Баба/Тата театрында өтеді. Қазақ әртістері ТМД елдері әншілері арасында өткен байқауда іріктеліп, шақыруға ие болды. Капелла осы шараға арнайы 3 шығарма дайындады. Олар — Леонкаваллоның «Паяцы», П. Масканидің «Сельская честь», Карл Орфтың «Кармина Бурана» шығармалары.

Капелланы аталған фестивальға дайындау мақсатында Италиядан арнайы шақырылған белгілі музыкант Диего Мингола шеберлік сабақтарын өткізді. Мумбайда өтетін фестивальға қазақстандықтардан басқа бірнеше шетелдік әртістер қатысады.

Перейти к новостям спорта