Қазақ мұнай және газ институты мен "Халибертон" мұнайгаз жобалары бойынша мәліметтер қорын жасақтау үшін бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ мұнай және газ институты мен "Халибертон" мұнайгаз жобалары бойынша мәліметтер қорын жасақтау үшін бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойды

Қазақ мұнай және газ институты мен "Халибертон" мұнайгаз жобалары бойынша мәліметтер қорын жасақтау үшін бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойды

Бүгін, 19-қазанда Астанада Қазақ мұнай және газ институты мен "Халибертон" компаниясы арасында бірлескен кәсіпорын құру туралы келіге қол қойылды. Жаңа бірлескен кәсіпорын мұнайгаз жобалары бойынша Ұлттық мәліметтер қорын жинақтау үшін құрылады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 19 Қазан 2004
  • 671
Фото - Caravan.kz

Бірлескен кәсіпорын Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін дамыту бағдарламасының аясында құрылып отыр.

Мұнайгаз жобалары бойынша Ұлттық мәліметтер қоры дегеніміз — мұнайгаз саласындағы бүкіл мәліметтер жинағын құру және оны басқару жүйесі, деді келісімге қол қою рәсімінде ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің геология және жер қойнауын қорғау комитетінің төрағасы Болат Үжкенов. Оның айтуынша, мұндай мәліметтер қорын құру еліміздің мұнай өндіру саласының жұмыс істеуі мен оны басқару тиімділігін арттыру үшін қажет. Ұлттық мәліметтер қорында жер қойнауына және оны пайдаланушыларға қатысты ақпараттар толық жинақталады. Бұл өз кезегінде «мәліметтерді нақты уақыт режимінде басқарып пайдалануға мүмкіндік береді»,- деді ол.
Б.Үжкеновтың хабарлауынша, Ұлттық мәліметтер қорының орталық сервері Астанада орналасады, ал аймақтық орталықтары батыс және оңтүстік облыстарда орын тебеді. Ұлттық мәліметтер қоры мұнай компанияларының есебінен қаржыландырылады. Ал мемлекет бұл іске ақпарат беру арқылы атсалысады,- деді Б.Үжкенов.
2003-жылдың аяғында Ұлттық мәліметтер қорына мүшелікке бірігу туралы келісімге «ҚазМұнайГаз», «Аджип ККО», КПО, СНПС, «ПетроҚазақстан», «Торғай Петролиум», «Шеврон Тексако» тәрізді мұнай компаниялары қол қойған.

Перейти к новостям спорта