«Қазақ қыздарын қорлап жүрген жерлестерім баршылық»: Оғыз Доған өзге ұлт өкіліне қыз беруге қарсы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақ қыздарын қорлап жүрген жерлестерім баршылық»: Оғыз Доған өзге ұлт өкіліне қыз беруге қарсы

«Қазақ қыздарын қорлап жүрген жерлестерім баршылық»: Оғыз Доған өзге ұлт өкіліне қыз беруге қарсы

Қазақ тілінің жанашыры, түрік азаматы Оғыз Доған қазақ қыздарының өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығуына қарсы. Өзі де қазақ қызына үйленген ол, бірінші некесінің сәтсіз болғанын айтты.

  • 28 Маусым 2018
  • 214
Фото - Caravan.kz

«Мен қыздардың өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығуына қарсымын. Қанды араластырмау керек. Көрермендерден «Онда өзің неге қазақ қызына үйлендің?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Біз бір-бірімізге өзге ұлт өкілі емеспіз. Сол себептен біздің қыз алыса берумізге болады. Өкінішке қарай, менің жерлестерімнің ішінде де қазақ қыздарын қорлап, қазақтың халқын, мәдениетін кемсітіп жүргендер баршылық. Әрине, ондай адамдарға қыз беруге, үйленуге қарсымын», – дейді Оғыз Доған «ТalkLike» интернет-бағдарламасына берген сұхбатында.


Жақында ғана Қарағандының қызымен отасқан Оғыз Доғанның бірінші әйелі де қазақ болған. Одан бір ұлы бар.

Соңғы жаңалықтар