Владимир Пресняков пен Кристина Орбакайтенің ұлы өзінің Instagram-дағы парақшасында "Осындай бақытты күнге де жеттік" деп жазып, қалыңдығымен бірге той киімдерімен түскен суретін жариялады. Ал қалыңдықтың аты-жөні — Алена Краснова, деп хабарлайды Caravan.kz.
Айта кетейік, Никита Пресняков кезінде қазақ қызы — Аида Қалиевамен жүрген болатын. Олар алғаш рет 2010 жылы бірге жұрт көзіне көрінді. Ал 2013 жылдың сәуірінде Никита ол қызбен атастырылғаны туралы мәлімдеді. Бірақ 2014 жылдың жазында бұл екеуінің айырылысқаны жөнінде айтыла бастады.