Қазақ радиосының тікелей эфирінде «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы талқыланды
Бүгін Қазақ радиосында Еділ Анықбайдың «Айтөбел» авторлық бағдарламасында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы радиоконференция режімінде талқыланды. |
Тыңдарман қауыммен тікелей байланыс бағытында өткен шараға Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Тұрғын үй құрылысы департаменті басшысының орынбасары Равил Арыстанбеков, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Астана қалалық орталық филиалының директоры Мұрат Шәріпов, Парламент Мажілісінің депутаттары Майра Айсина мен Талғат Ерғалиевтар қатысты.
Радиоконференция барысында халықты қолжетімді баспанамен қамтудың бүгінгі жағдайы мен перспективалары талқыға түсіп, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының уақытылы, сапалы әрі тиімді орындалу жолдары жайында әңгіме өрбіді. Оның ішінде тұрғын үй құрылысын арзандату проблемаларына, жас отбасыларды баспанамен қамту мәселесіне ерекше назар аударылды.
Тікелей радиоконференция барысында тыңдармандардың басым бөлігі негізінен баспананың қымбатшылығы, кірістің төмен деңгейіне байланысты банк несиелерінің қолжетімсіздігі турасында проблемалар көтерді. Оның ішінде жас отбасылардың баспанаға қол жеткізу мүмкіндіктері жайында мәселе қозғалды.
Шараға қатысушы қонақтар азаматтардың барлық санаттары үшін баспананың қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында мемлекет қабылдап жатқан шаралар туралы әңгімелеп, сұрақтарға жауап берді. Тұрғын үй құрылысын арзандату мен пайдалануға берілетін пәтерлер санын тұрақты арттыруға қатысты қабылданатын шаралар туралы ақпараттар берілді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін