Қазақ шенеуніктері 7 жылда 650 миллиард теңгеге қызметтік автокөлік сатып алған - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ шенеуніктері 7 жылда 650 миллиард теңгеге қызметтік автокөлік сатып алған

Қазақ шенеуніктері 7 жылда 650 миллиард теңгеге қызметтік автокөлік сатып алған

Салыстырмалы түрде алғанда, ұзақ жылдардан бері жыр болған «Сарыарқа» газ құбырын (1031 шақырым) тартуға 267 миллиард теңге кеткен.

  • 28 Қараша 2019
  • 33
Фото - Caravan.kz

Үкімет 2013 жылдан бері автокөлік сатып алуға 650 миллиард теңге жұмсаған, деп хабарлайды Skifnews.kz, inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, 2016 жылы республикалық және жергілікті бюджеттен автопарк жаңартуға 97,3 млрд, 2017 жылы 160 млрд, 2018 жылы 123 млрд теңге жұмсалған.

2013 жылдан бері Үкімет бюджеттен автокөлік сатып алуға 650 миллиард теңге бөлген. Салыстырмалы түрде алғанда, ұзақ жылдардан бері жыр болған «Сарыарқа» газ құбырын (1031 шақырым) тартуға 267 миллиард теңге кеткен.

Айта кететін бір жайт, статистика бойынша, Қазақстанда 98 мың мемлекеттік қызметкер бар. Оның 453-і – саяси, 285-і – «А» корпусындағы шенділер. Қалған 97 мың адам – «Б» корпусының қызметкерлері.