Қазақ соқырлар қоғамы өз басшыларына риза емес және республика президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан осы мәселені шешуге көмектесуді сұрайды.
"Мүгедектер Н.Назарбаевтан қоғам қаржысын жымқырғандығы үшін басшылары Байболат Әубәкіровті жұмыстан босатуды өтінеді", деді сәрсенбіде баспасөз мәлихатында қоғам заңгері Шәден Кәрібаев.
Оның ақпаратына қарағанда, Б.Әубәкіров қоғамның әлеуметтік мәні бар бүкіл нысандарын сатқан, оның ішінде типография, оңалту орталығын, қамсыздандыру базасын, бала-бақшаны сатып жіберген. Сонымен қатар, ол қаржы жоқ деп, филиалдарды қаржыландырмай отыр. Оның орнына өздерін-өзі қаржыландыруға тиіс корпоративті қорлар құрылған. Бүкіл республика бойынша мүгедектермен жұмыс жүргізілмей отыр. Жалақысыз қалған мүгедектер жұмыстан шығып жатыр", деді заңгер.
Оның деректеріне қарағанда, ҚСҚ прокуратураға және басқа инстанцияларға арызданған, бірақ қылмыстық іс қозғалғанмен, ол аяғына дейін жетпеген.
Баспасөз мәслихатында таралған елбасына арналған ашық жолдауда оның қызметін тексеру үшін комиссия құру, оның құрамына президент әкімшілігі, парламент өкілдерін, БАҚ және мүгедектерді енгізу ұсынылған.
Қоғам мүшелері қоғамның жаңа басшысын сайлауға көмек беруді сұрайды.
Б.Әубәкіровтің төрағалық еткеніне 30 жылдан асқан.