Қазақ спортшылары Гуанчжоуда өтіп жатқан Азия жарыстарында екі күміс және үш қола жүлде жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ спортшылары Гуанчжоуда өтіп жатқан Азия жарыстарында екі күміс және үш қола жүлде жеңіп алды

Қазақ спортшылары Гуанчжоуда өтіп жатқан Азия жарыстарында екі күміс және үш қола жүлде жеңіп алды

Өткен демалыс күндері Гуанчжоуда өтіп жатқан 16-шы Азия ойындарында қазақ спортшылары грек-рим күресі және семсерлесу сайысы бойынша ел қоржынына екі күміс және үш қола медаль әкелді.

  • 22 Қараша 2010
  • 579
Фото - Caravan.kz

66 келі салмаққа дейін грек-рим күресі бойынша күш сынасқан Дархан Баяхметов күміс жүлдеге ие болды. Финалдық жарысты қазақ балуаны Ираннан келген спортшы Саед Абдвалидан 1:3 есебімен ұтылып қалды.

Семсерселу бойынша Елмир Әлімжанов, Александр Аксенов, Дмитрий Грязнов және Сергей Шабалин Оңтүстік Корея құрамасынан 31:45 есебімен артта қалып, күміс медальға ие болды. Алайда жартылай финалда қазақстандық сапшылар қытайлықтардан озып кеткен болатын.

Семсерлесу бойынша қола медальға ие болған Әлия Бектұрғанова,, Анастасия Гитмидинова, Татьяна Почекутова мен Юлия Живицтан құралған әйелдер құрамасы да белсенділік танытты. Жартылай финалда спортшы қыздарымыз Оңтүстік Корея құрамасына жол берді, есеп 29:45.

Грек-рим күресі бойынша 55 келі салмаққа дейін ел намысын қорғаған Марат Кәрішалов Хамид Сарианды 3:0 есебімен жеңіп, қола жүлдеге ие болды.

Синхрондық жүзу бойынша Қазақстан құрамасы 85,375 ұпай жинап, қола жүлдені қанағат тұтты. Осы сайыс түрі бойынша қытайлықтар алға шықса, Жапония құрамасы екінші орынды алды.

Жүлделік есеп бойынша Қазақстан 11 орында тұр. Біздің құраманың есебінде 36 медаль, оның ішінде 4 алтын, 11 күміс және 21 қола жүлде бар. 278 медаль, соның ішінде 146 алтынға ие болып отрыған Қытай елі алда келеді. Екінші және үшінші орында Оңтүстік Корея (162-55) мен Жапония (145-30) елдері тұр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера