"Қазақ та басқалар секілді оңбаған адамдары бар жай ұлт": Желіде жігіттердің сұмдық қылмысы туралы айтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақ та басқалар секілді оңбаған адамдары бар жай ұлт": Желіде жігіттердің сұмдық қылмысы туралы айтылды

"Қазақ та басқалар секілді оңбаған адамдары бар жай ұлт": Желіде жігіттердің сұмдық қылмысы туралы айтылды

Әлеуметтік желіде панасыз бен әлсізге әлімжеттік жасаған ауыр қылмыс туралы айтылды.

  • 26 Мамыр 2020
  • 219
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Aissaule Abildayeva есімді оқырман өз парақшасына жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

"Ақыл-есі кемдеу 2-ші топ мүгедегі 17 жасар қыз Еуразияға сатушының көмекшісі болып жұмысқа тұрған. 2019 ж 13-тамызда жұмысқа кеткен. Бастығы санитарлық кітапша керектігін айтып, емханаға жіберген. Қыз бұрын-соңды жүрмеген маршруты болғандықтан адасып кетіп, 5 күннен кейін табылған.

Ол емхананы ұзақ іздеп, өтіп бара жатқан адамдардан сұраған, бірақ оның айтқанын ешкім түсінбеген. Бір еркексымақ байқайды да, көмек көрсетпек болып, көлігіне отырғызады. Өзін Нурикпін деп таныстырып, күні бойы көлігінде зорлап, бір сауда үйінің жанына тастап кетеді.

Көрген сұмдығынан ол абдырап, спорт киімі жоғалып, жыртық көйлекпен қалған. Бір май құю бекетіне жетіп, славян нәсілді бір жігіттен көмек сұрайды. Адасып кеткенін айтады. Ол да оған көмектесемін деп көлігімен алып кетіп, зорлайды. Одан кейін оны құрылыс объектісінедегі қазақ досына апарып, бұл қыздың не айтып тұрғанын түсінбейтінін себебі тек қазақша сөйлейтінін айтып, тастап кетеді.

Бұл қазақ та оны үйіне апарып тастайтын болып алып қалады. Бірақ, қонақүйге апарып, зорлайды.

Ол жерден шығып, жанындағы паркке келіп, адамдардан көмек сұраған. Телефон сұраған, алайда жыртық киімді түрі әбіржіп кеткен қыздан бәрі қашқан. /БІРЕУДІ КИІМІНЕ САЙ БАҒАЛАУ — ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ ҒОЙ/

Байғұс қыз паркте тағы өзбекке жем болған. Бұл 5 күнде оны қанша адам зорлағанын кім білсін?!

Ата-анасы полицияға арызданып, бәрі іздеген. Оны жәрмеңкеден жұмысқа алған бастығы көріп қалып, полицияға хабарласады.

Содан бері 9 ай өтіпті, полиция барлық экспертизаны жасап, күдіктілерді анықтаған. Бірақ, ешкім жазаланбаған. Тергеушілер жарақат белгілері жоқ болғандықтан сотта ештеңе дәлелдей алмайтынын айтыпты.

Сонша еркектен ең болмағанда біреуі жанашырлық танытпағаны мені шошытты. Еркекті тек еркек болғаны үшін сыйлатуға тырысатын біздің қоғамның сыйқы осы. Сонда сол оңбағандардың кінәсін мойындату үшін ол қыз өлімші болып таяқ жеу керек пе еді? Әлде өлу керек пе еді? Қалай 9 ай бойы күдіктілер жазасын алмайды?“Қазақ” деген ұлтқа бір киелілік қасиет беріп, көрінгенді аға тұтуды қою керек қыздарға. Қазақ та — кәдімгі басқалар секілді оңбаған адамдары бар жай ұлт", делінген жазбада. 

Соңғы жаңалықтар