Қазақ тарихының 10 томдығы шығарылады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ тарихының 10 томдығы шығарылады

Қазақ тарихының 10 томдығы шығарылады

Отан тарихы ғылымы азаттық жылдарында идеологиялық еркіндік алды. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан «Отан тарихы және мәдени мұралардың өзекті мәселелері» деп аталатын жас ғалымдардың ІІ Республикалық ғылыми конференциясында айтылды.

  • 24 Мамыр 2011
  • 493
Фото - Caravan.kz

«Институт ғалымдары тәуелсіздік жылдары Қазақ тарихының 5 томдығын шығарды. Бұл кеңестік жылдары шыққан 5 томдықтың байытылған жаңаша нұсқасы. Әрине, онда да кемшіліктер бар. Оны көріп отырмыз, алдағы уақытты бұл олқылықтарды жоямыз деп ойлаймыз», — дейді Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры Хангелді Әбжанов. Оның айтуынша, Қазақ тарихына 5 том жеткіліксіз. Алдағы уақытта 10 томдығы шықпақ. Әр том 2 кітаптан тұрады деп жоспарлануда. Оны қазір ғалымдар талқылап, өз ой-пайымдарын білдіруде.

«Қазақ тарихы тек Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты қызметкерлерінің күшімен жазылмайды. Оған барлық білікті мамандар тартылады. Тарихтың ақтаңдақ беттерін жазуға жастар да белсенді түрде атсалысуы керек. Ол үшін ғылыми атақ емес, ізденіс қажет. Қазір ғалымның үлесі ғылыми монографиямен ғана өлшенбейді», — дейді тарих ғылымының докторы , профессор Хайдар Махмұтұлы.

Перейти к новостям спорта