"Қазақ тілі іскерлік тілге айнала алмады": Еліміз жайлы ресейлік басылымдар не жазуда? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақ тілі іскерлік тілге айнала алмады": Еліміз жайлы ресейлік басылымдар не жазуда?

"Қазақ тілі іскерлік тілге айнала алмады": Еліміз жайлы ресейлік басылымдар не жазуда?

Caravan.kz медиа порталы орыс басылымдарына шолу жасады.

  • 5 Қараша 2018
  • 267
Фото - Caravan.kz

27 жылда қазақ тілі іскерлік тіліне айнала алмады

Өткен аптада Қазақстанда екі бейнеролик хайп тудырып, шулы болды. Бірі павлодарлық белсенді Руза Бейсенбайдың славян ұлтының сатушысынан қазақ тілінде қызмет етуіне сұраса, екіншісі бейнероликте арқалық дәрігердің орыс тілділерге қызмет етпейтіні жайлы айтуы.

Бұл туралы Gumilev-center.ru басылымы жазады.

Соңғы уақытта қазақ тілді адамдардың орыс тілідерге қызмет етпейтіні жайлы,тіпті оларды қорлап жатқан бейнежазбалар көбейіп кеткен. Бұл жайтта фейсбук желісінде ұлтшыларды біреуі қолдаса, екіншісі даттап жатыр.

Арман Құдабай, журналист әрі блогер: Бұл жағдайда заңгерлердің үнсіз қалғаны мені таң қалдырды. Ауыздарына су толтырып алғандай үнсіз отыр. Доғанның жасағаны немесе соның ізіндегі жандардың бұл ісі заңға қайшы, ұлтшылдықты тудыратын жағдай ғой. Тіпті беделі ең төмен заңгердің өзі олардың сотқа тарта алады. Олардың бұлай отырғаны демек, олар ұлтшылдыққа қарсы емес деген сөз.

Бақытжан КӨПБАЕВ, қоғам қайраткері: Мен мектепті, жоғары оқу орнын, магистратураны да қазақша оқып, бітіргенмін. Қазақ тілінің жетіліп, дамып жатқанына өте қуаныштымын. Бірақ бұл даму революциялық емес, эволюциялық жағынан дамуы керек.

Қазақ тілі бірінші кезекте тұтыну нарығында өз орнын алу керек. Бизнесте қазақ тіліне деген сұраныс болмайынша, қазақ тілі дамымайды. Тәуелсіздік алғалы 27 жылда қазақ тілі іскерлік тілі болмағанын мойындау керек.

Соңғы уақытта орыстар мен қазақтардың арасында кикілжің көп болып жатыр. Қазақтар мен орыстардың бір-біріне айтар әңгімелері көп. Меніңше шу тудырмай, керісінше бір үстелеге отырып, өзара бір-бірімізді түсінуге тырыссақ дұрыс болар еді. Қазақстан елі – тек қазақтардың елі емес, Қазақстанда тұрып жатқан барлық ұлттардың елі деп есептеймін.


Ақтөбеде 200 адам төбелеске шықты

Ақтөбегі колледжердің бірінде 16-22 жас аралығындағы студенттер пышақ, қарумен шығып төбелеске дайындалған.

Бұл туралы Vesti.uz басылымы жазды.

Төбелес жергілікті жігіттердің бірі соққы алғаннан кейін басталған. Дегенмен полиция олардың төбелесуіне жол бермей үлгерген.

Теңізді көремін деп қоқысқа тап болды

Ресей азаматы Антон Вангелин Арал теңізін көру үшін Қазақстанға арнайы келген.

Бұл туралы Lenta.ru басылымы жазды.

“Орынбор арқылы автобуспен Ақтөбе қаласына келдім. Байқағаным, Ақтөбе қаласында және Ақтау қаласында орыстарға біртүрлі қарайды екен. Мысалы біз негрлерді көргенді, оларға қайта, қайта қарайлаймыз ғой бұл екі қалада сондай жағдай болды. Ақтөбеде ұлтшылдық деген өршіп тұр екен, өйткені орыстарға қарым қатынасы онша емес екендері көрініп ақ тұр.

Ақтөбе арқылы көлікпен Аралға жеттім. Бұл жерде теңіз, балықтар деп ойлаған едім. Арал теңізге көремін деп, қоқыс толы жерге тап болдым.

Әзірге жазарым осы, жалғасын күтіңіздер”, — деп жазады автор.

Соңғы жаңалықтар