"Қазақ тілі – қазақтың жаны" Тоқаев тілге қатысты ойын ашық білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақ тілі – қазақтың жаны" Тоқаев тілге қатысты ойын ашық білдірді

"Қазақ тілі – қазақтың жаны" Тоқаев тілге қатысты ойын ашық білдірді

Қазақстанда латын әліпбиіне көшу кезең-кезеңімен жалғаса береді.

  • 2 Сәуiр 2019
  • 123
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық Егемен Қазақстан және  Айқын басылымдарына берген сұхбаттында айтты.

"Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде. В.Радлов айтқандай, қазақ тілі – ең таза әрі бай тілдің бірі. Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байла­ныс­тыратын құрал. Меніңше, тілдің тұғыры да, тағдыры да бесіктен, отбасынан басталады", — деді мемлекет басшысы.

Тоқаевтың пікірінше, отбасында ана тілінде сөйлеп өскен бүлдір­шіннің тілге деген ықыласы терең, құрметі биік болады. Осы тұрғыда, балабақшаларда, мектептерде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді назарда ұстау қажет.

"Біз мемлекеттік тілдің мәрте­бесін көтеру бағытындағы жұ­мыс­тарды үздіксіз жалғастыра береміз", — деп атап өтті ол.

Осы орайда президент бүгінде Қазақстан халқы замана көшінен қалмай, латын графикасына негізделген әліпбиді таңдауға бел буып отырғанын айтты.

Кез келген ұлттың әліпби таңдауы тек жазу үлгісін таңдау емес. Бүгінде Қазақстан халқы да замана көшінен қалмай, латын графикасына негізделген әліпбиді таңдауға бел буып отыр. Көрші мемлекеттердің көп­шілігі латын графикасын таңдады. Әлемдегі ақпараттардың 90 па­йызы латын графикасында жарық көреді. Ал ақпаратқа кім иелік етсе, ғылым мен технологияға да сол ие болады. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі – рухани жаңғы­рудың ең шешуші кезеңдерінің бірі. Бұл қоғамдық ой мен санаға түпкілікті өзгеріс жасайтын қадам. Осыған орай, Елбасының латын әліпбиіне көшу туралы жарлығы шықты. Елімізде қазақ тілінің латын графикасына негізделген әліпбиін пайдалана бастаған құ­рылымдар бар,- деді Тоқаев.



Латын әліпбиіне көшу кезең-кезеңімен жалғаса береді. Нақты белгіленген кесте бар. Сол жүйеден ауытқымаймыз. Бірақ қоғамдық пікір, әліпбиді қолдану бары­сын­дағы артықшылықтар мен олқы­лықтар ескеріледі,- деп түйіндеді ол. 

 

Соңғы жаңалықтар