Жарияланды: 380

«Қазақ тілін білмейтін әкім қызметке тағайындалмайды» - БАҚ-қа шолу

«Егемен Қазақстан» газетінің жазуынша, Сенат Төрағасы Қайрат Мәмидің жетекшілігімен өт­кен палатаның кешегі жалпы отырысының күн тәртібінде «Қазақстан Рес­публикасының кейбір заң­на­малық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екі оқылымда қаралды. Аталған заң жобасы бойынша Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай баяндама жасады. «Соң­ғы бес жылда елімізде атау бе­ру немесе қайта

атауға байла­ныс­ты уақытша мораторий жарияланған-ды. Министрдің айтуынша, осы уақыт ішінде бір­қатар мәселелер қордаланып, нор­мативтік-құқықтық базаны жетілдіру қажеттігі туындаған. Облыстық ономастика комиссия­ларында атау беру және қайта атау­да тиісті шешім қабылдау ашық және жүйелі жүргізілмеуі сал­дарынан объектілерге көп жағдайда елге еңбегі сіңбеген белгісіз адамдардың есімдерін негізсіз беру белең алған. Көптеген жерлерде көше атауларын бей-берекет ауыстыру сәнге айналып, келеңсіз жағдайлар қоғамда кері пікір тудырып, сынға алына бастаған», - деп жазады басылым. Мақала «Ауылдың аты - атама, көшенің аты - көкеме» деп белден басуға жол бермеу заңнамалық тұрғыдан бекітілді» деген тақырыппен берілген. «Еліміздегі моноқалалардың тізіміне енген мекендердің бірі - Құлсары. Оған аудандық маңыздағы қала мәртебесі берілгелі он бір жылға аяқ басты. Қала әкімі Шәкір Кейкіннің айтуынша, еліміз тәуелсіздік алғалы бері Құлсары тұрғындарының саны 30 мыңнан 54 мыңға дейін көбейген», - деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті бүгінгі санындағы «Атырауға айрықша қолдау қажет» деген тақырыптағы мақаласында. азір Құлсарыда 54 мың адам тұрады. Бұл - Жылыой ауданы халқының 73 пайызы. Бірақ шаһар деген атауы болмаса, әлеуметтік сипаты әлі бұрынғы қалпынан жақсара қойды деу қиын. Сол себептен, енді Құлсары да өзге шағын қалалар секілді мұнай-газ өнеркәсібі, не өзге бір саланың ғана дамуына тәуелділіктен арылып, жан-жақты өркендеуге бет бұратын болады. Премьер-Министрдің орынбасары Қырымбек Көшербаев Атырау облысындағы Құлсары қаласының тыныс-тіршілігімен танысқан соң осыны мәлімдепті. *** «Экспресс К» газетінің жазуынша, Қарағанды қаласында терезе желдеткішінен кіріп құттықтайтын Аяз аталар пайда болыпты. Олар қалалықтарды Жаңа жыл мерекесімен есіктен емес, желдеткіштен кіріп құттықтауды жөн көріпті. Мұндай құттықтаудың құны 20 мыңнан 80 мыңға шарықтайтынына қарамастан-ақ сақалды ақсақалға тапсырыс беретіндердің қарасы қарақұрым көрінеді. Мақала тақырыбы - «Дедушку заказывали?». Осы басылымның жазуынша, «Саяси шешімдер институтының сарапшылары 2012 жылы қазақстандықтардың жадында жатталып қалған оқиғаларды анықтауға тырысып баққан. Сауалнама 10-15 желтоқсан күндері Қазақстанның 16 қаласында 2312 респонденттен алынған. Сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі маңызды оқиғалар қатарында Мемлекет басшысының жыл сайынғы дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауы мен «Арқанкерген» шекара бекетіндегі қанды қырғынды атап өткен.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін