Қазақ тілін оқыту орталықтарын арнайы аккредациядан өткізу жүйесі құрылады - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
-13 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ тілін оқыту орталықтарын арнайы аккредациядан өткізу жүйесі құрылады

Қазақ тілін оқыту орталықтарын арнайы аккредациядан өткізу жүйесі құрылады

Қазақ тілін оқыту орталықтарын арнайы аккредациядан өткізу жүйесі құрылады. Бұл туралы бүгін Үкіметте Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен өтіп жатқан Тілдірді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын талқылауға арналған кеңейтілген мәжілістің отырысында ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті.

  • 26 Шiлде 2010
  • 536
Фото - Caravan.kz

Бүгінде елімізде жұмыс істейтін 101 орталықтан тұратын желі бұдан әрі де көбейетіні сөзсіз екендігін атап өткен министр, бұл салада мемлекеттік органдар ғана емес, сондай-ақ жеке бизнестің де күш-жігер жұмсап отырғандығын атап өтті. Алайда ол орталықтардың барлығы бірдей нарық талаптарына адал еместігіне қынжылыс білдірді.

Оның айтуынша, штатында директоры мен бухалтері бар жеке тұлғаның демпинг арқылы қазақ тілін оқыту тендерін ұтып алатын кездері аз емес. Сөйтіп ол бірер мұғалімді жалдап, оқыту үрдісін қалай болса солай өткізіп, сонысымен мемлекеттік тілді меңгеру идеясына өлшеусіз нұқсан келтіреді.

«Бұл ретте мемлекеттік тілді оқыту орталықтарын міндетті түрде аккредациялау мәселені шешудің бірден-бір жолы болады деп есептеймін. Осы бағытты жүзеге асыру арқылы орталықтардың білім беру қызметінің міндетті стандартын енгізуді ғана емес, олардың қызметін бағалаудың ретингтік жүйесін енгізу қажет», — деді М.Құл-Мұхаммед.

Перейти к новостям спорта