Жарияланды: 1500

Қазақ тіліндегі жаңа терминдер үкімет тарапынан бекітілуі тиіс

Мәдениет министрлігі әзірлеп жатқан жаңа заң жобасы бойынша қазақ тіліндегі жаңа терминдер үкімет қаулысымен бекітілуі тиіс. Бұл туралы жұма күні Қазақстан әлеуметтанушылары конгресінде Мәдениет вице-министрі Ғазиз Телібаев мәлім етті.

Оның айтуынша, сол арқылы қазақ тіліндегі бір терминнің түрліше жазылу проблемасын жоюға болады. «Мемлекеттік тіл төңірегінде жүрген мамандар бір терминді әр түрлі етіп аударады және оның түрлі аудармасын пайдаланады», - деп атап өтті вице-министр. Сонымен қатар, ол мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникация кеңістігіне тиісінше енбеуі, тіл мәдениетінің төмендеуі және мемлекеттік тілді білу деңгейінің әркелкілігі Қазақстанның қоғамдық-саяси тұрақтылығына қауіп төндіретінін алға тартты. «Бүгінгі таңда мемлекеттік тілді қолдану аясын құқықтық тұрғыдан бекітуіміз керек», - деді Ғ.Телібаев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін