“Қазақ тілінің қайғысын айтсаң, мойныңа “популист” деген ит-қарғы тағылатын болыпты” - Светқали Нұржан - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Қазақ тілінің қайғысын айтсаң, мойныңа “популист” деген ит-қарғы тағылатын болыпты” - Светқали Нұржан

“Қазақ тілінің қайғысын айтсаң, мойныңа “популист” деген ит-қарғы тағылатын болыпты” - Светқали Нұржан

Ақын Светқали Нұржан "қазақ тілінің қайғысын айтсаң мойныңа “популист” деген ит-қарғы тағылатын болыпты" деп жаңа жазба қалдырды.

  • 27 Қыркүйек 2022
  • 198
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Біздің “жаңа қызықстан” үшін — әруағыңнан айналайын Қасиетті Қазақ тілінің қайғысын айтсаң, мойыныңа “популист” деген ит-қарғы тағылатын көрінеді! Ендеше мен сол “қарғыны” тақтым мойыныма Бойтұмар қылып! Ол Тұмар өлгенімше — мойынымда, өлгесін де қойынымда болады, иншАлла! Шешіп ала алмассыңдар, мойыныммен бірге кесіп алмасаңдар! Кесіп алған күнде де ол бейітімдегі Айға айналып, ұлтсыздарға улы сәулесін шашып бағар!", — деп жазды Светқали Нұржан.