Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жұманов өзін "ирандық Халк" деп атайтын Саджад Гарибимен жекпе-жек өткізді. Олар бокс ережесі бойынша әрқайсысы екі минуттан төрт раундтық форматта жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте жеңісті "Қазақ титаны" иеленді. Ол бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңді.
Еске салайық, жекпе-жек алдында Жұманов Гарибиге: "Саджад, сен мені жекпе-жекке шақырдың, мен келдім. Бұл сенің өміріңдегі ең үлкен қателік. Жекпе-жек сен үшін өте қиын болады", — деп айтқан болатын.