Қазақ топта оқи жүріп, ілімді неліктен орыс тілді кітаптардан іздеуіміз қажет? - колледж студенті О.Рапацкая - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ топта оқи жүріп, ілімді неліктен орыс тілді кітаптардан іздеуіміз қажет? - колледж студенті О.Рапацкая

Қазақ топта оқи жүріп, ілімді неліктен орыс тілді кітаптардан іздеуіміз қажет? - колледж студенті О.Рапацкая

Қазақ топта оқи жүріп, ілімді неліктен орыс тілді кітаптардан іздеуіміз қажет? Көкейінде жүрген бұл сауалын бүгін Астанадағы Конгресс-Холл сарайында өткен мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт жастарының республикалық форумында Орал Гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Ольга Рапацкая ортаға салды.

  • 21 Қыркүйек 2010
  • 636
Фото - Caravan.kz

О.Рапацкаяның пікірінше, бүгінгі таңда Қазақстанда білім беру үрдісінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіліп отырғанымен, орта, арнаулы және жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілді оқытуда әлі де болса түйіндері тарқалмаған келелі мәселелер баршылық.

Оның ойынша оларды шешу үшін ең алдымен, оқу орындарында қазақ топтарының санын арттыру қажет. Одан кейін, сол топтарды оқу-әдістемелік құралдармен толық күйінде қамтамасыз ете отырып, қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру керек.

«Мәселен, бізде мұғалімдер үйге тапсырма бере отырып, ол тапсырма қазақ оқулықтарында жоқ екендігін және оны орыс кітаптардан тауып алып, аудару қажеттігін бірден айтады. Біз қазақ топта оқи отырып, неліктен білімді орыс кітаптарынан іздеуіміз керек? Неліктен бізге оқулықтар жетіспейді?», — дейді ол.

Сонымен бірге О.Рапацкая: «Мемлекеттік тілде өткізілетін сабақтардың сапасын арттыру қажет. Жастармен ұйымдастырылатын қоғамдық тәрбие жұмыстарын қазақ тілінде өткізу керек. Қазір көпшілік жасқа үлгі болып жүрген сахна жұлдыздары мен басқа да есімі әйгілі адамдар қазақша сөйлесе игі болар еді», — деген тілектерін білдірді.

«Сонымен қатар, біздің министр апаларымыз бен ағаларымыз, басшылықта отырған азаматтар қазақша сөйлесе екен деймін. Себебі, қазір біз олардың киім-киісіне, шаш үлгісіне қызығатын болсақ, олар қазақша сөйлеп жатса, біз олардың қазақша сөйлегеніне қызығар едік», — деді.