Қазақ Ұлттық медицина университетінде 2000 - 2007 жылдары "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының жетекшілері мен белсенділері оқып шыққан - Түймебаев - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ Ұлттық медицина университетінде 2000 - 2007 жылдары "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының жетекшілері мен белсенділері оқып шыққан - Түймебаев

Қазақ Ұлттық медицина университетінде 2000 - 2007 жылдары "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының жетекшілері мен белсенділері оқып шыққан - Түймебаев

Алматы. 21 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде 2000 - 2007 жылдары "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының жетекшілері мен белсенділері оқып шыққан. Бұл туралы бүгін білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев Алматыда өткен кеңес барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 21 Қараша 2008
  • 388
Фото - Caravan.kz

«Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде ұлтаралық негіздегі шиеленістер шығуға біршама алғышарттар бар. Ол тұрғылықты халық пен түрік, шешен-ингуш және ұйғыр диаспораларының студенттері арасында байқалуда. 2007 жылғы күзде Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының аумағында топтар арасындағы төбелес оқиғалары тіркелген. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде 2000 — 2007 жылдары «Хизб-ут-Тахрир» ұйымының жетекшілері мен белсенділері оқып шыққан», — деп мәлімдеді Ж. Түймебаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар