Жарияланды: 460

Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері Білім министрлігі мен ЖОО басшыларын сотқа бермек

Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен кафедралары жабылып қалған ҚазҰПУ студенттері ЖОО басшылары мен министрлікті сотқа бермекші.

ҚазҰПУ студенті Диас Бейсенбектің айтуынша, жұма күні университеттің бас ғимаратында өткен шара барысында студенттер ЖОО басшыларына қоятын талаптарын жария етті. Ол орындалмаған жағдайда жастар университет басшылары мен Білім және ғылым министрлігін сотқа береді. Студенттер Филология және саясаттану факультетіндегі журналистика кафедрасын қайтадан ашуды талап етті. «Ал, басқа ЖОО-на ауысуға тура келетін болса бізге университет тарапынан материалдық қолдау көрсетілсін», - деді Д.Бейсенбек. Наразылық шарасына жиналған студенттер мен олардың ата-аналары ҚазҰПУ басшыларынан бұл мәселені 22-шілдеге дейін шешуді талап етті. Әйтпесе, студенттер шілденің 25-інде сотқа арызданбақ. «Егер қате Білім министрі Бақытжан Жұмағұловтан кеткен болса оның қызметтен кетуін талап етеміз», - деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін