"Қазақ жерін адал басып жүрген жігіт": Жайлауда Қазақтың ұлттық тағамдарын дайындап жүрген өзге ұлт өкілі көпті тәнті етті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақ жерін адал басып жүрген жігіт": Жайлауда Қазақтың ұлттық тағамдарын дайындап жүрген өзге ұлт өкілі көпті тәнті етті

"Қазақ жерін адал басып жүрген жігіт": Жайлауда Қазақтың ұлттық тағамдарын дайындап жүрген өзге ұлт өкілі көпті тәнті етті

Анзор Гасаев есімді желі қолданушысының видеолары көпті тәнті етті.

  • 8 Тамыз 2023
  • 48
Фото - Caravan.kz

Оның видеоларының қаралымы 20 миллионнан асып кеткен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

Қызығы өзге ұлт өкілі қазақ жерін, тұрмысын, ұлттық тағамдарын насихаттап түрлі видеолар түсіреді. "Қарын бүрменің" әзірлеу жолын көрсетіп, астауға салып ұсынса, Алтай тауларында атпен серуендеп, видеоны ұлттық әуенмен әрлеп қойыпты. Жайлаудағы малшы отбасының өмірін де әсерлі жеткізгенін байқауға болады. Одан бөлек, құрақ көрпе, домбыра, ұлттық киімді де көре аласыз. 

Жұрт "Нағыз патриот", "Қазақтың жерін адал басып жүрген, суын адал ішіп жүрген жігіт", "Елдің мақтанышы", "Керемет!", "Міне қазақ еліне құрмет", "Видеолары шедевр" деген сынды пікірлер жазуда.

Анзор Гасанов шешен ұлтының өкілі, Алматы тұрғыны. 


Ол сүхбаттарының бірінде ҚР президентінен марапат алғысы келетінін жеткізіпті. "Туризмнің дамуына қосқан үлесім үшін марапат алғым келеді. Мен сияқты табиғатты түсіретін жігіттер көп. Бәрімізді бір залға жинап, еңбегіміз үшін президент алғыс айтқанын қатты қалаймын. Қолдау болса деймін", — деген ол.