Көптен бері жынысымды ауыстырғым келеді, алайда ата-анам бұған қарсы. Осылай деді қазақстандық азамат Жетінші арнаның "Өз ойым" бағдарламасына берген сұхбатында.
Отандық бағдарламалардың бірінде ер адам көптен бері жынысын ауыстырғысы келіп жүргенін айтты. Алайда бұған ата-анасы қарсы екен.
"Бұл туралы 20 жасымнан бері ойлап жүрмін. Негізі өзімді ешқашан ұл ретінде сезінген емеспін. 20 жасқа келгенде ата-анама шет-жағасын айта бастадым. Бірақ, олар мені түсінбеді", — деді ер азамат.
Әрі қарай ол өз жынысына неше жасында мән бергеніне тоқталды. Яғни алғаш рет өзінің ұл екенін қай кезде білгенін айтты.
"Бәлкім 1-сыныпта оқып жүрген кезде шығар. Өзім үйдің кенжесімін. Әке-шешем бар, отбасым толық", — деді ол.
Бұдан кейін ер адамның сөзін психолог Марал Сарбасқызы жалғап, әкесінің бұл жағдайға деген көзқарасы туралы толығырақ сұрап көрді. Алайда ер адам бұл сұраққа жауап бере алмай қиналып, көзіне жас алды.