Қазақ жігіттерінен гөрі, өзге ұлт азаматтарының адами қасиеті жоғары - Ақбота Керімбекова - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ жігіттерінен гөрі, өзге ұлт азаматтарының адами қасиеті жоғары - Ақбота Керімбекова

Қазақ жігіттерінен гөрі, өзге ұлт азаматтарының адами қасиеті жоғары - Ақбота Керімбекова

Белгілі әнші Ақбота Керімбекова қазақтың ер-азаматтарына өкпелі ме? Нақты жауапты әнші әлеуметтік желілердің біріндегі  бағдарламада айтты.  

  • 17 Ақпан 2020
  • 9496
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

"Мал екенсіңдер. Бақытсыз болып өт": Ақбота Керімбекова кімді қарғады?

Ақбота ханым бағдарлама барысында отбасы мен өнері жайлы бірнеше сұрақтарға жауап берді. Әнші отбасына қатысты қойылған сұрақтары үшін журналистке ренжіп те алды. 

"Үш күйеуіңіздің қайсысын қатты жақсы көрдіңіз?" деген сұраққа "үшеуін де жақсы көрдім. Өкінбеймін", деп жауап берді. 

Айтуынша, балаларының әкесімен хабарласып, балалармен арасын ешқашан үзбейтінін де айтты. 


Қазақтың жігіттері көп жағынан әлсіз. Білім алғысы келмейді. Рухани жағынан да өте әлсіз, деп айтқанымен, өзінің "әлсіз тұсым кітап оқи алмаймын. Кітап оқып, бірнәрсе тоқып отыра алмаймын. Ішім пысып кетеді. Бұл да бір мінезім шығар. Күніне жоқ дегенде бір кино көремін", деп шындығын айтты. 

Ақбота ханым айына 400-500 мың теңге кредиті бар екенін де жасырмады. 

Қыз туып алсам ба деген арманым бар. Кім біледі Алланың қолында, дейді әнші.