"Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК Оңтүстік Қазақстан облысында аффинаждық зауытты іске қосуды жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК Оңтүстік Қазақстан облысында аффинаждық зауытты іске қосуды жоспарлап отыр

"Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК Оңтүстік Қазақстан облысында аффинаждық зауытты іске қосуды жоспарлап отыр

2004-жылдан бастап "Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК" ЖАҚ өзі өндірген уран концентратын толық көлемде отандық өндірістерде өңдеуді жоспарлап отыр. Бұл туралы "Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК" ЖАҚ-ның президенті Мұхтар Жәкішев 1-қазанда Шымкентте өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

  • 2 Қазан 2003
  • 438
Фото - Caravan.kz

«Таукенттегі аффинаждық зауытты іске қосуға 39 күн қалды. Жылына 2000 тонна «сары кек» өңдей алатын бұл зауытқа қоса тағы да осындай көлемде өнім өңдейтін Үлбі металлургия зауытын ескергенде, біздің қажеттігіміз толыққанды қамтамасыз етіледі»,- деді М.Жәкішев.

Биыл «Қазақатомөнеркәсібі» ҰАК» ЖАҚ уран концентратын ұлттық компания құрамына қамтылатын Үлбі металлургия зауыты мен Степногорск қаласындағы Целинный тау химия комбинатында өңдеуде. Бұған дейін сары кек негізінен Қырғызстандағы Қарабалта тау-кен комбинатында өңделіп келген. Алайда биыл бұл кәсіпорын тендерде жеңіліске ұшырады.
2002-жылы «Қазақатомөнеркәсібі» ҰАК 2800 тонна уран өндірді. Ал биыл 3 мың тоннадан астам уран өндіру көзделіп оытр. Жалпы алғанда Қазақстандағы уран қоры 900 мың тоннаны құрайды, оның 600 мың тоннасын шаймалау жолымен өндіруге болады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Қазақатомөнеркәсібі» ҰАК-ның құрамына Степное және Центральное филиалдары мен Алтыншы кеніш басқармасы, «Үлбі металлургия зауыты» ААҚ-ның салалық құрылымдары (90%), «Волковгеология» ААҚ (90%), «МАЭК-Казатомпром» ЖШС (100%), » Жоғары технологиялар Институты» (50%), «Инкай», «Катко», «Заречное», «УКР ТВС» біріккен кәсіпорындары қамтылады.

Соңғы жаңалықтар