"Қазақатомөнеркәсібі" Ұлттық атом компаниясы Степногорск қаласында молибден кенін байытатын комбинат салмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
0 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақатомөнеркәсібі" Ұлттық атом компаниясы Степногорск қаласында молибден кенін байытатын комбинат салмақшы

"Қазақатомөнеркәсібі" Ұлттық атом компаниясы Степногорск қаласында молибден кенін байытатын комбинат салмақшы

"Қазақатомөнеркәсібі" Ұлттық атом компаниясы АҚ Степногорск тау-кен-химиялық комбинатының негізінде молибден кенін өнеркәсіптік жолмен қайта өңдеуді жолға қою мақсатында алдағы 3 ай көлемінде жылына 1 миллион тонна молибден кенін қайта өңдей алатын кен байыту фабрикасын құрмақшы. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 25 Тамыз 2005
  • 735
Фото - Caravan.kz

Алдағы уақытта алаңды әзірлеп, өнімділігі жылына 1000 тонна молибден оксидына тең қазақстандық жаңа технология негізінде молибден оксидын өндіретін қондырғыларды орнату жоспарланып отыр. Алғашқы өнеркәсіптік партияны шығару 2006 жылдың басына белгіленген.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өндірісті шикізатпен қамтамасыз ету үшін Шорское кен орнындағы кенді қайта өңдеу бойынша британдық «Eurika mining» компаниясымен бірге «Моликен» ЖШС біріккен кәсіпорны құрылды. Кен орнындағы молибденнің минералогиялық қоры 21 мың тоннаны құрайды. Сол сияқты мыс-молибден кендері бойынша Қызылту және Селетинское кеніштерін іске қосу да жоспарда тұр.
Жобаларды жүзеге асыру кенішті толық қуатта іске қосып, гидрометаллургиялық толыққанды өңдеу арқылы жылына 1150 тонна молибден шығаруға жол ашады.
«Қазақатомөнеркәсібі» Ұлттық атом компаниясы АҚ-ның бағдарламасына сәйкес 2005-2007-жылдарда комбинатты дамытуға 180 млн. доллар инвестиция жұмсау көзделген. Бұл 2010-жылы комбинатта жоғары рентабельді және тұрақты өндірісті жолға қоюға мүмкіндік береді.

Перейти к новостям спорта