Қазақ-Британ университетінде «Қазақстанның қарқынды даму үдерісіндегі этномәдени бірлестіктердің орны мен рөлі» тақырыбын қаузаған дөңгелек үстел өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ-Британ университетінде «Қазақстанның қарқынды даму үдерісіндегі этномәдени бірлестіктердің орны мен рөлі» тақырыбын қаузаған дөңгелек үстел өтті

Қазақ-Британ университетінде «Қазақстанның қарқынды даму үдерісіндегі этномәдени бірлестіктердің орны мен рөлі» тақырыбын қаузаған дөңгелек үстел өтті

Бүгін Қазақ-Британ техникалық университетінде «Қазақстанның қарқынды даму үдерісіндегі этномәдени бірлестіктердің орны мен рөлі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

  • 22 Қазан 2010
  • 562
Фото - Caravan.kz

Шараны «Бірге бол» қоғамдық бірлестігі мәдени шаралар жиынтығын жүзеге асыруға байланысты ҚР Президентінің Жолдауын түсіндіру аясында ұйымдастырды. Отырыс ҚР Мәдениет министрлігінің тапсырысы бойынша өткізіліп отыр. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты еліміздің мәдениетін дамытуға қатысты идеялар мен жобаларды саралауды көздейді.

Басқосуға мәдениет пен өнер қайраткерлері және өзге ұлт мәдени ошақтарының өкілдері қатысты.

«Шабыт» қоғамдық қорының директоры Талант Толыбековтың айтуынша, өнер мен мәдениет саласындағы тұлғалардың өткір идеялары мен ұсынған жобалары ҚР Мәдениет министрлігінде қаралып, соған сай шаралар атқарылатын болады. «Еліміздің әр аймағында өткізіліп келе жатқан осындай жиындарда көптеген идеялар, жобалар ұсынылды. Олардың барлығы министрлікке жеткізілуде. Осы жобаларды іске асыру барысында Мәдениет министрлігі алдағы жылы ірі көлемде қаржы аударғалы отыр», деді ол.

Т. Толыбеков, сонымен қатар, министрліктің мәдениетті дамытуға арналған қандай да бір қор құру жайын жоспарлап отырғанын жеткізді.

Дөңгелек үстел барысында Қазақстанның қазіргі мәдени өміріне қатысты пікірлер айтылып, өзекті мәселелер талқыланды. Жиын соңында министрлікке жолданатын бірқатар ұсыныстар қабылданды.