«Қазақфильм» Ақан Сатаевтың жаңа фильміне түсуге кастинг жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақфильм» Ақан Сатаевтың жаңа фильміне түсуге кастинг жариялады

«Қазақфильм» Ақан Сатаевтың жаңа фильміне түсуге кастинг жариялады

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Sataifilm» компаниясымен бірлесе отырып «Анаға сапар» («Дорога к матери») жұмыстық атауымен тарихи-хикаялық фильмге кастинг жариялайды. 

  • 29 Қазан 2014
  • 462
Фото - Caravan.kz

Фильмнің қоюшы режиссері Ақан Сатаев көрерменге осыған дейін «Рэкетир», «Ағайынды», «Адасқандар», «Ликвидатор», «Жаужүрек Мың Бала» фильмдерімен жақсы таныс.

Кастингте кез келген қазақстандық өз бағын сынай алады. Театр актерлеріне, актерлік білімі бар жандарға, колледждер мен институттардың, шығармашылық ЖОО-лардың студенттеріне және клиптерге, кинолар мен телехикаяларға түсуде тәжірибесі барларға басымдық беріледі.

Кастингке қатысуға ниет білдіргендер casting_satai@mail.ru поштасына анкетасын, фотосуретін және бейнежазбасын жолдай алады, хабарлайды «Қазақфильм» киностудиясының сайтында.



Айта кетейік, режиссердің бұл туындысы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналады.

Перейти к новостям спорта