«Қазақфильм» National Geographic үлгісі бойынша деректі фильм түсіреді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақфильм» National Geographic үлгісі бойынша деректі фильм түсіреді

«Қазақфильм» National Geographic үлгісі бойынша деректі фильм түсіреді

«Қазақфильм» National Geographic үлгісі бойынша Қазақстанның табиғаты туралы деректі фильмдер сериясын түсіреді.

  • 17 Қыркүйек 2014
  • 410
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Асқар Бөрібаев айтты.

«Біз «Қазақфильмге» National Geographic-тің үлгісіне сүйене отырып Қазақстанның табиғаты туралы деректі фильмдер сериясын түсіруді тапсырдық. Ондағы басты мақсат туған өңір тарихын тану. Өйткені біздің тарихымыз бен салт-дәстүріміз өте бай. Бізде тау да, өзен де, теңіз де бар. Жуық арада осылардың барлығын теледидардан тамашалау мүмкіндігін аламыз», — деді ол.