"ҚазақМұнайГаз" ҰК " ЖАҚ 2006-жылы мұнай өндіру көлемін 31 процентке арттырады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"ҚазақМұнайГаз" ҰК " ЖАҚ 2006-жылы мұнай өндіру көлемін 31 процентке арттырады

"ҚазақМұнайГаз" ҰК " ЖАҚ 2006-жылы мұнай өндіру көлемін 31 процентке арттырады

2002-жылғымен салыстырғанда "ҚазақМұнайГаз" ҰК " ЖАҚ 2006-жылы мұнай өндіру көлемін 31%-ке, мұнай тасымалын 27%-ке, газ тасымалын 25%-ке, мұнай өңдеу ауқымын 37%-ке арттырады. Бұл туралы бүгін, 8-қазанда "Мұнай және газ-2003- KIOGE 2003 " атты 11-халықаралық конференцияда "ҚазақМұнайГаз" ҰК " ЖАҚ-ның президенті Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді.

  • 8 Қазан 2003
  • 405
Фото - Caravan.kz

Ұ.Қарабалиннің айтуынша, «өнім өндіру ауқымын арттыру, активтер құрылымын өзгерту және инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру нәтижесінде салық төлемдерін 5 процентке жеткізу көзделіп отыр. Нәтижесінде салық төлемдері 72 млрд. теңгеге жетеді».

Сондай-ақ, Ұ.Қарабалиннің хабарлауынша, «қазіргі жағдаймен Қазақстан бойынша өндірілген жалпы мұнай және газ көлемінің 16 проценті «ҚазақМұнайГаз» ҰК » ЖАҚ-ның үлесінде». Ал 2002-жылы «ҚазақМұнайГаз» ҰК » ЖАҚ өндірген жалпы мұнай көлемінің 2 млн. тоннасы ішкі рынокта сатылса, алыс және жақын шетелдерге 5,3 млн. тонна мұнай шығарылды,- деді ол.
Қазіргі таңда , Ұ.Қарабалиннің айтуынша, «компания жоғары дамыған тасымал инфрақұрылымын иемденеді. Атап айтсақ, 2002-жылы Самара бағытындағы құбыр жүйесімен 14 млн. тонна, КТК жүйесі арқылы 12 млн. тонна мұнай тасымалданды. Жалпы мұнай құбырларымен тасымалданған мұнай көлемі 32,8 млн. тонанны құрады».

Соңғы жаңалықтар