"ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ мен "ЛУКОЙЛ" ААҚ Хвалынское кенішін игеру жөніндегі консорциумды таяу уақыттарда құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ мен "ЛУКОЙЛ" ААҚ Хвалынское кенішін игеру жөніндегі консорциумды таяу уақыттарда құрады

"ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ мен "ЛУКОЙЛ" ААҚ Хвалынское кенішін игеру жөніндегі консорциумды таяу уақыттарда құрады

"ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ мен "ЛУКОЙЛ" ААҚ Хвалынское кенішін игеру жөніндегі консорциумды таяу уақыттарда құрады. Бұл туралы бүгін, 9-қазанда "Мұнай және газ-2003- KIOGE 2003 " атты 11-халықаралық конференцияда "ҚазақМұнайТеңіз теңіздегі мұнай компаниясы " ЖАҚ-ның бас директоры Бақытжан Хасанов хабарлады.

  • 9 Қазан 2003
  • 405
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, Хвалынское кенішін игеру жөніндегі жобаға сәйкес 2003-жылдың соңында Өзара өнім бөлісу жөніндегі келісімнің шарттары бойынша жобаның техника-экономикалық негіздемесін әзірлеп бітіру көзделіп отыр. Ал Хвалынское кенішінде жер қойнауын пайдалану құқығына 2004-жылдың басында өтінім беру жоспарланды. Қазіргі таңда «ҚазақМұнайГаз ҰК» ЖАҚ мен «ЛУКОЙЛ» ААҚ консорциум құруға бағытталған ұйымдастыру жұмыстарын дәйектеуде. «Біз «ЛУКОЙЛ» ААҚ-нан кенішке қатысты геологиялық-физикалық мәліметтерді осыдан бірнеше күн бұрын ғана алдық. Бұл консорциум құру жұмысын анағұрлым жеңілдетеді»,- деді Б.Хасанов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Хвалынское кенішіндегі мұнайгаз қорын бірлесіп игеру принциптері жөніндегі келісімге «ҚазақМұнайГаз ҰК» ЖАҚ-ның бірінші вице-президенті Тимур Құлбаев пен «ЛУКОЙЛ» ААҚ-ның бірінші вице-президенті Равиль Маганов 2003-жылдың 18-сәуірінде Мәскеуде қол қойған болатын. Құжатқа жер қойнауын пайдалану жөніндегі дербес құқықты жүзеге асыру үшін Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің түбін бөлісу туралы РФ мен ҚР арасындағы 2002-жылғы 13-мамырдағы Келісімнің хаттамасына сәйкес қол қойылды.
Екі мемлекеттің Хвалынское кенішін игеруге уәкілетті ұйымдары болып табылатын «ҚазақМұнайГаз ҰК» ЖАҚ мен «ЛУКОЙЛ» ААҚ аталмыш жобаны жүзеге асыру үшін консорциум құруға уағдаласты. Екі компания консорциумда тең үлес иемденіп, соған сәйкес құқық пен міндет те өзара тең бөлінеді.

Соңғы жаңалықтар