"ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ өз құрамындағы салалық кәсіпорындардың активтерін біріктіру бағдарламасын аяқтауға жақын - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ өз құрамындағы салалық кәсіпорындардың активтерін біріктіру бағдарламасын аяқтауға жақын

"ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ өз құрамындағы салалық кәсіпорындардың активтерін біріктіру бағдарламасын аяқтауға жақын

"ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ өз құрамындағы салалық кәсіпорындардың активтерін біріктіру бағдарламасын аяқтауға жақын. Бұл туралы бүгін, 21-тамызда Алматыда өтіп жатқан "Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігіндегі мұнай операцияларын мемлекет тарапынан заң жүзінде реттеу және регламентациялау" тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында "ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның вице-президенті Махамбет Батырбаев KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 21 Тамыз 2003
  • 722
Фото - Caravan.kz

М.Батырбаевтың айтуынша, «»ҚазақМұнайГаз ҰК» ЖАҚ-ның құрамындағы салалық кәсіпорындардың активтерін біріктіру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатымен арнайы комиссия құрылған. Комиссия жұмыс қорытындысын жуық арада ортаға салады».

«Активтерді біріктіру шарасы мұнай өндіру көлемін ұлғайту және өндірістердің пайдалылығын арттыру үшін жүзеге асырылып отыр»,- дейді М.Батырбаев.
Оның айтуынша, » комиссияның жұмыс қорытындысына негіздей отырып қандай кәсіпорын «ҚазақМұнайГаз ҰК» ЖАҚ-ның құрамында профильдік кәсіпорын ретінде қалады, қайсысы ұлттық компания құрамынан шығарылатындығы жөнінде нақты шешім қабылданады».
Қазіргі жағдаймен «ҚазақМұнайГаз ҰК» ЖАҚ-ның құрамында 52 салалық кәсіпорын бар.

Соңғы жаңалықтар