"ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ құратын жаңа медиа-холдинг құрамына елімізге танымал бірнеше БАҚ қамтылатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ құратын жаңа медиа-холдинг құрамына елімізге танымал бірнеше БАҚ қамтылатын болды

"ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ құратын жаңа медиа-холдинг құрамына елімізге танымал бірнеше БАҚ қамтылатын болды

"ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ құратын жаңа медиа-холдинг құрамына елімізге танымал бірнеше бұқаралық ақпарат құралы қамтылатын болды. Бұл туралы бүгін, 19-желтоқсанда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында холдинг өкілдері ақпарат таратты,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Желтоқсан 2003
  • 767
Фото - Caravan.kz

НТВ телеарнасының Қазақстандағы өкілі Евгения Доцуктың айтуынша, «Рауан Медиа Груп» деп аталатын медиа-холдинг құрамына НТВ-Қазақстан, NS радиосы, «Известия-Қазақстан» және «Комсомольская правда- Қазақстан» газеттері қамтылады. Ресейдің «Коммерсанты» сияқты ірі бизнес-басылым құру жобасы да әзірлену үстінде. Сондай-ақ, «Интерфакспен» бірлесе отырып жаңа ақпараттық агенттік құру да ойда бар көрінеді.

Е.Доцуктың айтуынша, қазіргі басты қиындық — кәсіби журналистердің тапшылығы болып тұр. Республикада «жақсы журналистер» саусақпен санарлық. «Өз мамандарымызды біз өзіміз өсіріп, тәрбиелеп, өзіміз баптап-жаттықтырамыз»,- деді НТВ-ның еліміздегі өкілі.
Ресейдің НТВ телеарнасының бас директоры Николай Сенкевичтің айтуынша, НТВ-Қазақстан арнасының журналистері Мәскеуде кәсіби шыңдалады. Ал НТВ телеарнасының тілшілері, жүргізушілері мен таңдаулы режиссерлары қазақстандық жаңа телеарнаның қызметкелері үшін мастер-класстар өткізеді. Е.Доцуктың хабарлауынша, НТВ-Қазақстан телеарнасының қазақ және орыс тілдеріндегі алғашқы бағдарламаларын Ресейлік тележұлдыздар жүргізеді.

Соңғы жаңалықтар