"Қазақмұнайгаз" ҰК ЖАҚ Жамбыл облысындағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге арнап 5 млн. теңге бөлді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақмұнайгаз" ҰК ЖАҚ Жамбыл облысындағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге арнап 5 млн. теңге бөлді

"Қазақмұнайгаз" ҰК ЖАҚ Жамбыл облысындағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге арнап 5 млн. теңге бөлді

"Қазақмұнайгаз" ҰК ЖАҚ Жамбыл облысындағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге арнап қайырымдылық көмек ретінде 5 млн. теңге бөлді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне компанияның бұқарамен байланыс жөніндегі департаментінен хабарлады.

  • 23 Маусым 2003
  • 398
Фото - Caravan.kz

Сонымен бірге, Ұлттық Компания қызметкерлері аймақтағы қалпына келтіру жұмыстарына жеке үлестерін қосуға ниет білдіріп, 1 млн. 702 мың 375 теңгені құрайтын бір күндік жалақыларын аударды.

«Қазақмұнайгаз» ҰК ЖАҚ бұған қоса осындағы Қазақ және Еңбекші ауылдарында 250 және 450 орынға есептелген екі жаңа мектеп ғимаратын салып беруге міндеттеме алды. Қазір бұл жерлерде фундаментті әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш нысандарда 70 адам мен оншақты техника жұмыс істеуде.
Жер сілкінісі кезінде қирап қалған нысандарды қалпына келтіру жұмыстарына «Қазақмұнайгаз» Ұлттық компаниясының салалық құрылымдары — «ҚазТрансГаз» ЖАҚ мен «Қазақмұнайгаз Сауда Үйі» ЖШС де атсалысуда. Бұл компаниялар Құлан ауылында 500 орынды мектеп үйін салуға ниет білдіріп отыр. Аталмыш жобаның құны 224 млн. теңгені құрайды. Жобаны жарым-жартылай қаржыландыру міндетін «ӨзенМұнайГаз» және «ЭмбаМұнайГаз» ААҚ-дары да бөліспекші. «ҚазТрансГаз» ЖАҚ сондай-ақ, Құлан ауылындағы тағы да екі мектепті жаңалау жұмыстарын қаржыландыратын болады.

Соңғы жаңалықтар