Келісім жобасы «ҚазақМұнайГаз» ЖАҚ мен «ЛУКОЙЛ» ААҚ арасында 2003-жылдың 10-ақпанында Алматыда қол қойылған «»Каспий теңізінің Ресейлік және Қазақстандық бөлігінде көмірсутегі шикізатын өндіру және барлау бойынша өзара ынтымақтастық саласындағы түсіністік жөніндегі Меморандум»-ға негіздей отырып әзірленді.
Теңіздің екі мемлекетке қарасты аумақтық шельфтеріндегі болашағынан үміт күттірген учаскелер өзара ынтымақтастыққа арқау етіп таңдалды.
«ҚазақМұнайГаз» ЖАҚ мен «ЛУКОЙЛ» өз қарамақтарындағы геологиялық ақпараттармен бөлісіп, аталмыш учаскелерде дербес бағалау жүргізді.
Келісімге қол қойылғаннан кейін тараптар «Түпқараған» және «Қазақстан» учаскелерінің техника-экономикалық талдамасын жасайды. Онда бірінші кезекте қазірге дейін жинақталған геологиялық ақпараттарға бірлескен геологиялық-техникалық баға беріліп, жобаның қоршаған ортаға техногендік әсері айқындалып, техника-экономикалық негіздемесі жасалады. Осындай жұмыстардың қорытындысында ҚР заңдарына сәйкес Бірлескен кәсіпорын құрылады, оған жобаның операторы әрі Ұлттық жер қойнауын тұтынушы деген мәртебе беріледі.
Бұдан кейін учаскелер аумағында қос өлшемді сейсмикалық зерттеулер жүргізуге және барлау мақсатындағы екі ұңғыны бұрғылауға бағытталған жұмыс бағдарламасының жобасы жасалады. Барлау кезеңіндегі жалпы шығын көлемі 90 млн. долларды құрамақ. Тараптардың келісіміне сәйкес жұмыстардың геологтиялық барлау сатысын «ЛУКОЙЛ Оверсиз» қаржыландырады.
Сонымен бірге, «ЛУКОЙЛ» жобаны жүзеге асыруға қажетті технологиялар мен «ноу-хау»-мен қамтамасыз етеді, соның ішінде геологиялық станцияларға, модельдеу пакетіне және экономикалық бағалауға қатысты коммерциялық лицензиялар бар.
Тараптардың бағалауынша, бұл Келісім — «Достық»-«Дружба» деген нышандық атауға ие болған бірлескен жобаны жүзеге асыру принципін нақтылайтын аса маңызды құжат болмақ.