"ҚазақМұнайГаз" Ұлттық компаниясында жаңа тағайындаулар жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"ҚазақМұнайГаз" Ұлттық компаниясында жаңа тағайындаулар жасалды

"ҚазақМұнайГаз" Ұлттық компаниясында жаңа тағайындаулар жасалды

"ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ президентінің 2004-жылғы 5-қаңтардағы бұйрығымен "ҚазақМұнайГаз" Ұлттық компаниясында бірқатар жаңа тағайындаулар жасалды,- деп хабарлайды "ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның баспасөз қызметі.

  • 7 Қаңтар 2004
  • 726
Фото - Caravan.kz

Айталық, Асқар Сманқұлов «ҚазақМұнайГаз ҰК» ЖАҚ-ның президенті аппаратының басшысы болып тағайындалды.

А.Сманқұлов 1964-жылы туған. Қазақ политехникалық институтын «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша бітірді. Экономика ғылымдарының кандидаты. 2002-жылдың қыркүйегі мен 2004-жылдың қаңтары аралығында «ҚазТрансОйл» ЖАҚ-ның бас директоры (басқармаларының төрағасы) болып істеді.
Осы уақытқа дейін «ҚазақМұнайГаз» ЖАҚ президентінің аппаратын басқарып келген Ермек Көшербаев «Рауан медиа Групп» АҚ-ның бас директоры міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды.
«ҚазақМұнайГаз ҰК» ЖАҚ-ның экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры қызметіне Айдан Кәрібжанов тағайындалды. А.Кәрібжанов 1971-жылы туған. КСРО СІМ-нің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірді. 2001-2004 жылдар аралығында «VISOR Investment Solutions» ЖШС-інің басқарушы директоры болған.
«ҚазақМұнайГаз ҰК» ЖАҚ-ның экономика және қаржы жөніндегі бұрынғы басқарушы директоры Данияр Берлібаев «Қазтеңізтасымалфлоты» ЖАҚ-ның бас директорлығына тағайындалуға байланысты бұрынғы жұмысынан босатылды.
«ҚазақМұнайГаз ҰК» ЖАҚ-ның Бірлескен кәсіпорындардағы үлестерін басқару жөніндегі басқарушы директоры болып Данияр Әбілғазин бекітілді. Д.Әбілғазин 1969-жылы туған. КСРО МҚК-нің Жоғары мектебін «радиобайланыс инженері» мамандығы бойынша тәмамдады. 2002-жылдың наурызы мен 2004-жылдың қаңтары аралығында Каспий қаржы-өнеркәсіптік тобының вице-президенті болды.
«ҚазақМұнайГаз ҰК» ЖАҚ-ның Бірлескен кәсіпорындардағы үлестерін басқару жөніндегі басқарушы директоры Бақтықожа Ізмұхамбетов ҚР энергетика және минералды ресурстар министрінің бірінші орынбасарлығына тағайындалуға байланысты жұмысынан босатылды.
«ҚазақМұнайГаз ҰК» ЖАҚ президентінің 2004-жылғы 5-қаңтардағы бұйрығымен «ҚазақМұнайГаз» ЖАҚ ақпараттық технологиялар департаментінің атқарушы директоры болып Сейітжаппар Артығалин бекітілді. С.Артығалин 1971-жылы туған. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша бітірді. 2003-жылдың наурызы мен 2004-жылдың қаңтары аралығында «KazTransCom» ААҚ бас директорының бірінші орынбасары болған.
Осы уақытқа дейін «ҚазақМұнайГаз» ЖАҚ ақпараттық технологиялар департаментінің атқарушы директоры қызметін атқарған Мұрат Әбдірахманов «KazTransCom» ААҚ-ның бас директоры болып тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар