"ҚазақМұнайГаз" және "Роснефть" компаниялары 2003-жыл бойы Қазақстандық құзырлы мекемелермен келіссөздер жүргізіп жер қойнауын пайдалану туралы келісім шартына қол қояды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"ҚазақМұнайГаз" және "Роснефть" компаниялары 2003-жыл бойы Қазақстандық құзырлы мекемелермен келіссөздер жүргізіп жер қойнауын пайдалану туралы келісім шартына қол қояды

"ҚазақМұнайГаз" және "Роснефть" компаниялары 2003-жыл бойы Қазақстандық құзырлы мекемелермен келіссөздер жүргізіп жер қойнауын пайдалану туралы келісім шартына қол қояды

"Құрманғазы" жобасы бойынша уәкілетті ұйымдар болып табылатын "ҚазақМұнайГаз" және "Роснефть" компаниялары қазір негізгі құжаттардың жобасын дайындап бітіруге жақын. Атап айтсақ, Өнім бөлісу жөніндегі келісім мен өзара бірлескен іс-қимыл жөніндегі келісімдер жобасы дайын болды. "ҚазақМұнайГаз" және "Роснефть" компаниялары 2003-жыл бойы Қазақстандық құзырлы мекемелермен келіссөздер жүргізіп жер қойнауын пайдалану туралы келісім шартына қол қояды

  • 22 Шiлде 2003
  • 499
Фото - Caravan.kz

деп күтілуде. Бұл туралы Ақтауда өткен қоғамдық тыңдауда «ҚазақМұнайТеңіз » теңіз мұнай компаниясы ЖАҚ-ның бас директоры Бақтықожа Ізмұхамбетов хабарлады.

Бұған дейін «ҚазақМұнайГаз» бен «Роснефть» өзара бірлескен іс-қимылдар жөніндегі келісімге қол қоюы тиіс. Онда тараптардың жобаны жүзеге асыру жөніндегі құқығы мен міндеттері айқындалады.
Қазақстан мен РФ-ның мемлекет және үкімет басшылары Құрманғазы құрылымындағы алғашқы барлау ұңғылары 2003-жылы бұрғыланып үлгеретінін мәлімдегені белгілі. Осыған байланысты ұйымдастыру және қаржылық мәселелерді шешу бағытындағы жұмыстар пәрменді жүргізілуде.
Бұрғылау жұмыстары мен басқа да қосалқы жұмыстарды атқарушы мердігерлерді таңдауға арналған байқауға дайындық және оны өткізуге қатысты жұмыстар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына сәйкес аяқталды. Ұңғылар алдын-ала болжам бойынша 2003-жылдың 1-қазанынан бастап бұрғылана бастайды деп межеленген.
«Құрманғазы» жобасының барлау сатысына дайындық және оны жүзеге асыруда
Солтүстік Каспийге қатысты табиғат қорғау талаптары, құрылымның теңіздің қыста қатып қалатын бөлігінде орналасуы, соған байланысты барлау жұмыстарының маусымдық шектелуі, теңіздің жұмыс жүргізілетін бөлігінің салыстырмалы түрде 4-6 метрді құрайтын таяздығы , соған сәйкес арнаулы жүзу құралдарын жобалау қажеттігі, ал болашақта су асты және су үстіндегі техникалық құралдарды қолдану қажеттігі, Каспийдегі жүзіп жүретін бұрғылау қондырғылары санының аздығы, теңіздегі және жағалаудағы инфрақұрылымның нашар дамуы тәрізді факторлар ескерілетін болады.