Қазақмыс алдағы 5 жылда өндірісті жаңғыртуға 1,5 млрд доллардан астам қаржы бөледі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақмыс алдағы 5 жылда өндірісті жаңғыртуға 1,5 млрд доллардан астам қаржы бөледі

Қазақмыс алдағы 5 жылда өндірісті жаңғыртуға 1,5 млрд доллардан астам қаржы бөледі

«Қазақмыс» корпорациясы алдағы бес жылда өндірісті жаңғыртуға 1,5 млрд теңгеден астам қаржы жұмсамақ. Бұл туралы сәрсенбі күні Астанада өтіп жатқан

  • 15 Сәуiр 2015
  • 964
Фото - Caravan.kz


«Қазақстандық өнім жасаймыз» атты форумда «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС бас директоры Бақтияр Қырықпышев хабарлады.
Оның айтуынша, болашақта компания тағы үш кеніш ашуды жоспарлап отыр.
«Өте қысқа мерзімде Жаман айбат кенішінің екінші кезегін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Қазірдің өзінде Жезқазған кенішін дамыту жөніндегі бас жоспарды іске асыруға көштік», — деді Б.Қырықпышев.
Енгізіліп жатқан «Нұрқазған смарт кешені» инновациялық жобасы барлық заманауи талаптарға жауап беретін соны үлгідегі кешен, деп атап өтті ол.
«Біз 2016 жылы қара мыс концентратын өңдейтін өнеркәсіп қондырғысын салып, оны сынауға кірісуді жоспарлап отырмыз. Бұл болашақта құрамында металы аз рудаларды өңдеп, мол өнім алуға мүмкіндік береді», — деді бас директор.