"Қазақмыс" АҚ 2004-жылы өнім мөлшерін 27,8 процентке арттырды - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақмыс" АҚ 2004-жылы өнім мөлшерін 27,8 процентке арттырды

"Қазақмыс" АҚ 2004-жылы өнім мөлшерін 27,8 процентке арттырды

2004-жыл қорытындысы бойынша "Қазақмыс корпорациясы" АҚ 169 млрд. теңгенің өнімін өндірді, бұл 2003-жылғыдан 27,8 процентке артық. Бұл туралы KZ-today тілшісіне корпорацияның экономикалық бөлімінен хабарлады.

  • 5 Қаңтар 2005
  • 536
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, 35 млн. тонна мыс кені, 11 млн. тонна көмір кені өндірілді. Тазартылған мыс өндіру мөлшері 2003-жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,3 процентке артып, 427 мың тоннаны құрады. 2004-жылғы ақпан айында кәсіпорында мырыш металының өндірісі іске қосылды. 10 айда осындай өнім мөлшері 22 мың тоннаға жетті. Сонымен бірге мырыш концентратын өндіру мөлшері 2003-жылғы 78 мың тоннадан 2004-жылы 66 мың тоннаға дейін азайды.

Алтын және күміс өндіру мөлшері де кеміді. Мәселен, Қазақмыс 2004-жылы құйма түрінде 2683 кило алтын, ал түйіршік түрінде 551 тонна күміс өндірді. 2003-жылы бұл көрсеткіш тиісінше 2908 кило және 606 тонна болған.
Өндіріс пен әлеуметтік салаға салынаған инвестиция көлемі 40 процентке артып, 2003-жылы 128 млн. доллар болса, 2004-жылы 180 млн. долларға жетті. Инвестицияның негізгі көлемі (86 млн. доллар) жаңа кеніштер салуға және тау-кен машиналарын сатып алуға жұмсалды.
2004-жылы «Қазақмыс корпорациясы» Қырымда «Лучезарный» деп аталатын балаларды сауықтыру орталығын сала бастады. Құрылыс 9 млн. долларға бой көтереді.

Перейти к новостям спорта