"Қазақмыс" Гонконг қор биржасына қарапайым акцияларын сәтті орналастырды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақмыс" Гонконг қор биржасына қарапайым акцияларын сәтті орналастырды

"Қазақмыс" Гонконг қор биржасына қарапайым акцияларын сәтті орналастырды

Қазақмыс Тобы Гонконг қор биржасының негізгі алаңында қарапайым акцияларын сәтті орналастырғандығын жариялап отыр.

  • 29 Маусым 2011
  • 373
Фото - Caravan.kz

Компанияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, листинг қосымша эмиссияларсыз және акциялардың сауда-саттығынсыз өткізілген, алайда Топ келешектегі өтімділікті қамтамасыз ету мақсатымен Гонконг қор биржасында жаңадан акциялар шығару мүмкіндігін қарастыруда. Қосымша акциялар шығарылымы олардың нарықтық бағамына және компанияның негізгі өркендеу жобалары — Ақтоғай мен Бозшакөл кен орындарының игерілуіне қарай капиталға деген қажеттілікке байланысты болады.

«Қазақмыстың стратегиялық дамуы үшін Гонконгта екінші қайтара өткізілген листингтің маңызы өте зор. Әсіресе, Азия мен Қытай қаржыландыру мен клиенттік база тұрғысынан біздің үлкен қызығушылығымызға ие болып келеді. Листинг компаниямыздың, негізінен аймақтық қаржы орталығындағы имиджін нығайтады әрі аса көпшілік инвесторлар тобына қол жеткізуге мүмкіншілік ұсына отырып, алдағы уақытта біздің бизнесіміздің өркендей түсуіне қолдау болады», — деді өз сөзінде Қазақмыс Тобының Басқарушы бас директоры Олег Новачук.

Қазақмыс табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу жөніндегі жетекші халықаралық компания болып табылады және мыс, алтын, мырыш, күміс, электр энергиясы, сонымен қатар мұнай өндіру салаларында елеулі активтерді иеленіп отыр.

Соңғы жаңалықтар