"Қазақмыс" кенішінде панель құлау салдарынан екі адам мерт болып, екі адам жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақмыс" кенішінде панель құлау салдарынан екі адам мерт болып, екі адам жараланды

"Қазақмыс" кенішінде панель құлау салдарынан екі адам мерт болып, екі адам жараланды

Бүгін, 24-маусымда Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында "Қазақмыс" корпорациясының иелігіндегі №45 шахтада панель құлау салдарынан қуатты ауа толқыны ұруға байланысты екі адам мерт болып, екі адам жараланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 24 Маусым 2005
  • 486
Фото - Caravan.kz

Министрліктің түсініктемесіне сәйкес, ауаның жойқын толқыны панель құлау салдарынан түзілген. Бұл оқиғадан электрослесарь мен бұрғышының көмекшісі жан тапсырып, хронометражист пен тау-кендік бақылаушы инспектор ауруханаға жатқызылды.

Сонымен бірге апат ескі кеніш орнындағы жер қыртысының отыруына алып келуге байланысты сол маңға таяу орналасқан 6 жай үйдің тұрғындары басқа жаққа көшірілді.

Перейти к новостям спорта