«Қазақмыс» компаниясы Спорт күні мерекесін кең көлемде атап өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақмыс» компаниясы Спорт күні мерекесін кең көлемде атап өтті

«Қазақмыс» компаниясы Спорт күні мерекесін кең көлемде атап өтті

Тамыздың 14-і күні «Қазақмыс» компаниясының 2 мыңнан астам қызметкерлері және Сәтбаев пен Жезқазған қалаларының тұрғындары Спорт күнін кең көлемде атап өтті.

  • 16 Тамыз 2010
  • 697
Фото - Caravan.kz

Компанияның баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, сол күні командалар арасында эстафета ойындары ұйымдастырылып,

жас спортшылар түрлі қойылымдар көрсетті. Сондай-ақ спорт ардагерлерінің қатысуымен шеру ұйымдастырылды. Мереке балалардың хореографиялық ұжымдарының концертімен аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, Жезқазған мен Сәтбаевта «Қазақмыс» компаниясының ең ірі бұқаралық спорт ғимараттары орналасқан. Жақында ғана аталмыш кешендерді дамытуға 8,5 миллион АҚШ долларынан астам қаржы бөлінген болатын. Компания өкілдері сондай-ақ 2008 — 2010 жылдар аралығында салауатты өмір салтын қалыптастыру, компанияның кәсіпорындарында демалыс пен еңбекті ұйымдастыру және балалар мен жасөспірімдердің бос уақыттарын өткізуге қажетті шараларды жүзеге асыру үшін 30 миллион доллардан астам қаржы бөлді.

Қазіргі таңда дене шынықтыру, балалар мен жасөспірімдер арасындағы спортты дамыту «Қазақмыс» компаниясының басым бағыттарының бірі. Осыған қарай аталмыш компанияның спорт кешенінің құрамында олимпиадалық стандарттарға сай жасақталған сауықтыру кешені, «Ұлытау» мен «Жастар» спорт сарайлары, «Металлург» стадионы, таэквондо спорт орталығы және бокс мектебі сияқы ірі кешендер бар. Сонымен қатар, компания Қазақстандағы бірегей футбол академиясын, жүзу және хоккей клубтарын, екі балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін, дзю-до спорт орталығын, теннис мектебін қолдап жүреді. Бүгінде 20 мың азамат «Қазақмыс» компаниясының Алматыда, Өскеменде, Қарағандыда, Жезқазғанда, Сәтбаевта және Балқашта орналасқан ғимараттарында көңілі қалаған спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік алып отыр.