"Қазақмыс" корпорациясы 2003-жылы 122,9 млрд. теңгенің өнімін өндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақмыс" корпорациясы 2003-жылы 122,9 млрд. теңгенің өнімін өндірді

"Қазақмыс" корпорациясы 2003-жылы 122,9 млрд. теңгенің өнімін өндірді

"Қазақмыс" корпорациясы 2003-жылы 122,989 млрд. теңгенің өнімін өндірді, бұл 2002-жылғы көрсеткіштен 1,938 млрд. теңгеге артық. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Қазақмыс" корпорациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 6 Қаңтар 2004
  • 496
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2002-жылғы 41 144 250 тоннамен салыстырғанда 2003-жылдың 12 айында 40 140 003 тонна кен өндірілді. 2003-жылы 417 366 тонна тазартылған мыс шығарылды, бұл 2002-жылғы көрсеткіштің 96,7 процентіне тең. Желтоқсан айында корпорация металлургтары 37 362 тонна аршылған мыс өндірді, бұл 2002-жылғы желтоқсандағы көрсеткіштен 1092 тоннаға артық.

Сондай-ақ, «Қазақмыс» корпорациясында мырыш концентратын өндіру мөлшері 2002-жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 72 342 тоннадан 2003-жылы 78 078 тоннаға дейін артты (107,9%). 2003-жылы мыс катанкасын өндіру көлемі 54 645,5 тоннаны құрап, жоспарлы көрсеткішке жетті. Эмальсым өндіру мөлшері 2002-жылы 113,2 тоннаны құраса, 2003-жылы 1 382,5 тоннаны құрады.
Алтын құймасын өндіру мөлшері 2002-жылғы 3 899,55 килодан 2003-жылы 2 908,10 килоға дейін азайды. «Қазақмыс» корпорациясы өткен жыл ішінде 606 786,79 кило күміс түйіршіктерін өндірді, бұл 2002-жылғы көрсеткіштен 67 112 килограммға кем.
2003-жылғы көмір өндіру мөлшері 10 377 769 тоннаны құрады. Бұл 2002-жылғы көрсеткіштен 494 403 тоннаға артық. 7 738 758 тонна көмірді «Бөрілі» көмір департаментінің ұжымы, ал 2 639 011 тоннасын «Қаражыра » көмір разрезінің ұжымы өндірді.
Сондай-ақ, 2002-жылы өндірілген электр қуаты 5 млрд. 106 млн. 496 мың кВт/сағ-ты құраса, 2003-жылы бұл көрсеткіш 5 млрд. 414 млн. 997 мың кВт/сағ-қа жетті.

Соңғы жаңалықтар